Республикалық бюджетке былтыр 6 триллион 251,1 миллиард теңге түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық бюджетке былтыр 6 триллион 251,1 миллиард теңге түсті

26.05.2016
Республикалық бюджетке былтыр 6 триллион 251,1 миллиард теңге түсті
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сенаторлардың алдында Үкіметтің 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Былтыр республикалық бюджеттің атқарылуы 99,8 пайыз болып, ең жоғары көрсеткішке ие болған.

Шығыстар саласында бюджет саясатының басымдығы әлеуметтік міндет­темелерді бірінші кезекте қаржы­ландыруға берілді. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы төлеу уақтылы және толық көлемінде қаржыландырылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу