Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған қоса, Елбасы «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.