Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға дайындық және оны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы жергілікті полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылғы 19-27 сәуір аралығында монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін Тәуелсіздік даңғылы бойынша қозғалыс шінара жабылатын болады.
27 сәуір мен 1 мамыр аралығында жоғарыда көрсетілген учаскеде жол қозғалысы толықтай шектеледі. Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарын баламалы маршруттарды алдын ала жоспарлауды ескертеді.