Асқар Хайрушев «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Хайрушев «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

20.04.2016
Асқар Хайрушев «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Хайрушев Асқар Евгеньевич «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқаруға кірісті. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Хайрушевтің телекоммуникация саласында, компания саясатын басқару және анықтау, тиімді маркетингтік, коммерциялық қызметтер, сондай-ақ, бизнес-процесстерді құруда көпжылдық еңбек тәжірибесі бар. 1987 жылы Алматы энергетикалық институтын радиоинженер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек өтілін 1987 жылы Алматыдағы арнайы Конструкторлық бюроның бөлім инженері қызметімен бастады. «TNS-Plus» АҚ, «Алматытелеком» ҚТО, «Регул-Телеком+» ЖШС, «Мобайл Телеком - Сервис», «ZTE Қазақстан», «Gilat Satellite Networks Ltds» секілді компанияларда басқарушы қызметтер атқарған.

«Реттеуші орган (ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті) компания алдына өте маңызды тапсырмалар қойып отыр, оларды тиімді жүзеге асыру - РТС құрылысы, цифрлық эфирлік телехабар таралымына көшу, жоғары айқындықтағы арналарды іске қосу, «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісін қазақстандық KazSat-3 жерсерігіне көшіру секілді мемлекеттік маңыздағы мәселелерді шешуге септігін тигізбек», - деп Асқар Хайрушев алдағы жоспарларымен бөлісті.  

Сонымен қатар, компания өкілдері қызметтің клиентке бағдарлануына, коммерциялауға және сапаны арттыруға баса назар аударылатынын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу