Биылғы форумға барлығы 3 мыңнан астам адам қатысты. Форум аясында «Самұрық Қазына» АҚ-на қарасты активтерді жекешелендіру бағдарламасының барысы туралы брифинг өтті. Алдағы 4 жыл ішінде елдегі 800-ге жуық компания жекенің қолына өтеді. Оның 217-сі «Самұрық Қазына» компаниясына тиесілі.