Кувейттегі мұнайшылардың үш күндік ереуілі аяқталғандықтан, әлемде энергетикалық шикізат бағасы бірден төмендеп кетті. Блумберг агенттігінің дерегіне сай, қазір оның «Брент» сұрыбы 1,98 пайызға арзандап, 43 доллар 16 центке, ал «ВиТиАй» 2,39 пайызға түсіп, 40 доллар 10 центке саудаланып жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ