Комплиментті қалай қабылдайсыз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Комплиментті қалай қабылдайсыз? (ВИДЕО)

21.04.2016
 Комплиментті қалай қабылдайсыз? (ВИДЕО)

Комплимент – мақтаудың, сый-құрмет білдірудің, ықылас танытудың ерекше формасы. Мұндай лебіз адамдар арасында жылы қарым-қатынас қалыптастырудың құралы саналады.

Комплимент түрлі себеппен және түрлі жағдайларда айтылуы мүмкін. Дер кезінде және орнымен айтылған мақтау сөз адамның өзін-өзі бағалауын арттыра алады. Тіпті, кейбір мәселелердің оңай шешілуіне де ықпал ететін көрінеді.

Өзгенің айтқан мақтау сөзіне қалай жауап қатасыз? Жылы лебіз бен мақтау сөз адамның көңіл-күйін көтергенімен, көп адам бұған айтарлықтай мән бермейді екен.

Маман пікірі

Сәлима Сатылғанқызы, психолог:

«Егер де жасөспірім отбасында бір-біріне деген лебіздерін білдірмейтін болса, ол өсе келе өзге адамның жылы лебізін қабылдамауы мүмкін. Тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан, жылы лебіздің тамырын отбасында қалыптастырған дұрыс».

Мақтаудан ләззат алуға әдетте адамның өз-өзін дұрыс бағаламауы,  көпшілік назарында болудан қорқуы кедергі келтіреді. Сонымен қатар, психологиялық қобалжу, адамдармен араласа алмау, тартыншақтау сезімі де тұсау болады. Осыдан келіп адам өзгелердің шын мақтап тұрғанына сенбейді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу