Доллар 4 теңгеге арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар 4 теңгеге арзандады

21.04.2016
Доллар 4 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юаны бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 332,81 теңгені (-4,33 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 91 100 мың АҚШ долларын (+38 050 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юаны бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 51,3623 (-0,7610 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 1 300 мың юаньды (+700 мың юань) құрады.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Хабарламаларға жазылу