ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.