Тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрормет.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт болу қаупі бар.
ҚазАқпарат