Немересін үйлендіргелі жүрген той иесі Айсұлу апа бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Студияға келген бетте Гүлмира Дайрабаеваға «Көптен кездесуді армандап жүрген Гүлмирам едің. Шын тілесең, орындалады екен. Мен сенің әр «Сенбілік таңыңды» үзбей көремін»,-деп ағынан жарылды.
Сұхбат барысында тойға дайындық, тойбастар дәстүрі туралы әңгіме өрбіді.
«Тойбастарды дастархан басында отырған адамдарға лайықтап, мағыналы-мәнді етіп салу керек. Тойбастарды оның тарату жөнін білетін адам ашады. Сосын тойбастарды тойдың ортасында берген жөн. Себебі, кейбір жақтарда тойдың соңында беріліп жатады. Ал, көп ел тойдың соңын күтпейді. Тойдың басында берсе, халық шулап кетіп жатады. Сол себепті, ең дұрысы тойдың ортасында беру керек»,-дейді Айсұлу Ыдырысқызы.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.