Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны Алматы Марафонының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны Алматы Марафонының жеңімпазы атанды

24.04.2016
Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны Алматы Марафонының жеңімпазы атанды

Журналистерге берген сұхбатында ол Алматы Марафонына бірінші рет қатысып отырғандығын жеткізді. 

«Бүгін Алматыда ауа райы өте жақсы болды. Ал, Алматы Марафоны өте тартысты өтті. Бұл Марафонның өз ерекшеліктері бар. Жүгіретін жолдардың көп бөлігі дөңес болып келеді. Егер түзу болса, оны 2 сағат 20 минутта жүгіріп өтуге болады деп ойлаймын. Ал менің көрсеткшім - әзірге 2 сағат 42 минут болды. Секундына дейінгі дәл уақыты сәл кейінірек нақтыланып, жария етіледі», - деді А. Қасен.     

Сонымен қатар, Айдын бұл жарысқа бір айдан астам уақыт дайындалғандығын айтты.

«Мен күнделікті жүгіріп тұрамын. Ал Марафонға наурыз айының басында қызу дайындала бастадым. Таңертең және кешкі уақыттарда 10-20 шақырымдай жүгіріп отырдым. Апталық қашықтық - 70-80 шақырымды құрап отырды. Негізінен Астанадағы орталық саябақта дайындалып жүрдім. Өзім BI Group компаниясының дизайнері болып қызмет атқарамын», - деді Айдын Қасен.

Айта кетелік, ол бұған дейін 2011 жылы Бейжің Марафонына қатысып, алтыншы орын, 2012 жылы Қытайдың Далянь қаласының Халықаралық Марафонына қатысып, 8-ші орын алған екен. Алдағы уақытта жеңіл атлетика бойынша ҚР Ұлттық құрамына ену ойында бар. 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу