Головкин-Уэйд кездесуін Қазақстан аймағында 2 миллион 763 мың адам тамашалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Уэйд кездесуін Қазақстан аймағында 2 миллион 763 мың адам тамашалаған

25.04.2016
 Головкин-Уэйд кездесуін Қазақстан аймағында  2 миллион 763 мың адам тамашалаған

Кездесу 2016 жылдың 24 сәуірі күні Лос-Анджелесте өтіп, қарағандылық спортшы қарсыласын екінші раундта тізе бүктірді. Тікелей эфир арқылы кездесуді жалпы саны 100 мыңнан асатын қалаларда 6+ аудиториясының үлесі 63,2 пайызды құрап, рейтинг 4,51 пайыз болды. 6+ (қаз) аудиториясының үлесі 74,3 пайыз, яғни 8,01 пайызды құрады.

Ал, тұрғандары 100 мың адамнан аспайтын елді мекендерде 6+ аудиториясы 76,0 пайызды, рейтинг 8,91 пайыз болды. Сондай-ақ, 6+ (қаз) 82,9 пайыз, рейтинг 13,28 пайыз болды. Бүкіл Қазақстан бойынша,  6+ аудиториясы 71,6 пайызды, рейтинг 6,97 пайыз болды. 6+ (қаз) 80,3 пайыз, рейтинг 80,3 11,42 пайыз болды.

Қазақстан территориясында трансляцияны кемінде 1 минуттан астам 2 миллион 763 мың (0+) адам көрді.      

 

 

Хабарламаларға жазылу