Н.Назарбаев: Ағайынның жерге деген көңілі осындай болып қала берсе, онда халқымыз қасық қаны қалғанша жерімізді қорғайды деп білемін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Ағайынның жерге деген көңілі осындай болып қала берсе, онда халқымыз қасық қаны қалғанша жерімізді қорғайды деп білемін

26.04.2016
Н.Назарбаев: Ағайынның жерге деген көңілі осындай болып қала берсе, онда халқымыз қасық қаны қалғанша жерімізді қорғайды деп білемін

«Жер - ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы.  Қазақтың даласы - халықтың меншігі. Қазақстанның 14 мың шақырым шекарасын шегендеу үшін мен 8 жыл әр жерде, әр адамдармен, әр басшылармен келіссөздер жүргіздім, қиын-қиын жерлерден өттік.  Келістік. Тұңғыш рет Қазақстанның өз территориясы бар. Шекараны шегендедік. Не үшін? Жердің тұтастығы үшін жасап отырмыз оны. Жер туралы кодекстегі өзгерістер ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген шаруақор адамдарға жеңілдік жасауды көздейді. Олар жердің қожасы болса, жердің қадірлейді. Күтеді», - деді Елбасы.

Осы ретте ҚР Президенті жерді жалға беру әлемнің барлық елдерінде бар екендігін атап өтіп, нақты мысалдар да келтіре кетті.

«Төңіректегі әртүрлі алыпқашпа әңгімелер мен пікірлер - арандатушылардың бүгінгі әрекетінің бірі. Оның ішінде баяғы қашқындар да бар, босқындар да бар. Білеміз барлығын. Дегенмен, осы мәселеге көңіл бөлгені үшін мен бір жағынан ағайынға қуанамын. Лайым, әрқашан жерге деген қасиетті көңіл осындай болса, біздің халық қасық қаны қалғанша осы жерді қорғайды деп білемін», - деді Н.Назарбаев.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу