Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-ші сессиясы өтті.
Бұл сессияға барлық аймақтан делегаттар келіп, Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі туы астында сессия жұмысына белсене қатысты. Астана төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында өткен айтулы шара кезінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды.
Оның ең басты ерекшелігі - патриоттық актіні Қазақстан жастары жазған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жаңа ұрпақтың елдігімізді мәңгілік ету мақсатында жазған Патриоттық актісі – жаңа уақыт, келер болашақ үшін аса маңызды.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ