Баланың тілалғыш болып өсуі үшін не істеу қажет? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланың тілалғыш болып өсуі үшін не істеу қажет? (ВИДЕО)

27.04.2016
Баланың тілалғыш болып өсуі үшін не істеу қажет? (ВИДЕО)

Баланың үлкенді тыңдауы, тілалғыш болып өсуі отбасындағы тәрбиеден басталады. Ал, айтқанды орындамаса, не істеу қажет?

Балаңыз даладан келгенде киім-кешегін өзі жинастырғанын қаласаңыз, алдымен оған өзіңіз үлгі болыңыз.Ол үшін сырттан келген соң, киімді қалай жинау керектігін бір рет көрсетіңіз. Бала алдымен нұсқаулықпен жүріп үйреніп, уақыт өте келе әдетке айналдырады.

Шашылған ойыншықтарды не болмаса үйді жинағысы келмеген жағдайда қандай әдіс қолданған жөн? Мұндай кезде ойын әдісімен үйретуге болады.

Бала үшін «бірінші болу», «тез» деген ұғымдар бәсекелестіктің ең алғашқы сатысы. «Кім көп жинайды екен?» деген сауал қоя отырып, жылдамдыққа үйретуге болады.

Сонымен қатар, баланы ел алдында жазалауға болмайтынын ұмытпау қажет. Оның өзіндік «менін» сыйлау керек.

Психологияда рұқсат бермеудің өзіндік шарттары бар. Оны әртүрлі түспен байланыстырады. Ол қандай шарттар және қандай түстер? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу