Головкин-Уэйд жекпе-жегін НВО кабельдік телеарнасынан 1.3 млн адам тамашалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Уэйд жекпе-жегін НВО кабельдік телеарнасынан 1.3 млн адам тамашалаған

27.04.2016
Головкин-Уэйд жекпе-жегін НВО кабельдік телеарнасынан 1.3 млн адам тамашалаған

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы өткен жекпе-жегін 1,3 миллионнан астам адам тамашалады.

Геннадий  Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы өткен жекпе-жегін НВО-дан 1,325 миллион адам көрген. Жыл басынан бері бұл кабельдік телеарналардағы жекпе-жектердің үздік тегін көрілімдер көрсеткіші.

Головкин-Уэйд жекпе-жегі 6 минутқа созылғандықтан, көрермендер саны көбеймеген.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин америкалық боксшыны екінші раундында нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Головкин-Уэйд кездесуін kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 600 мыңнан аса жанкүйер ал, тікелей эфир арқылы 2 миллион 763 мың көрермен тамашалады.

Хабарламаларға жазылу