Мәжілістегі ҚХА депутаттары бес жұмыс тобын құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістегі ҚХА депутаттары бес жұмыс тобын құрды

27.04.2016
 Мәжілістегі ҚХА депутаттары бес жұмыс тобын құрды

Жиын барысында Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко ҚХА 24 сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданғанын атап өтіп, оның тарихи маңыздылығына да тоқталды. Вице-спикердің пайымынша, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде белгілеген бағыттар нақты тұжырымдалған ұлттық идея болып табылады.

«Біздің басты міндетіміз - ұлттық идеяның маңызын еліміздің әрбір азаматына түсіндіру, оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау. Сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша депутаттар қатысатын жекелеген топтар құру туралы ұсыныс жасалды», - деді В. Божко. 

Осыған байланысты, бес жұмыс тобы құрылып, жетекшілері тағайындалды. Атап айтқанда, «Үлкен ел - үлкен отбасы» тобына депутат Абай Тасболатов жетекшілік етіп, оның құрамына Ахмет Мұрадов, Галина Баймаханова, Иван Клименко және Ольга Шишигина еніп отыр. «Болашағы біртұтас ұлт» депутаттық тобына депутат Сергей Дьяченко басшылық жасайды, құрамына Наринэ Микаэлян, Нұрлан Дулатбеков, Ержан Құдайберген, Снежанна Имашева және  Магеррам Магеррамов кіріп отыр.

Ал, «Менің елім» азаматтық біртектілік» тобын депутат Мәулет Әшімбаев басқарады, оның құрамында депутат Роман Ким, Бақытжан Әбдірайым, Светлана Бычкова,  Василий Олейниктер бар.  

«Үш тілділікті дамыту ұлттық жобасы» тобына депутат Анар Жайылғанова жетекшілік етсе, құрамына - Шаймардан Нұрымов, Фахриддин Қаратаев, Айқын Қоныров, Бейбіт Мамраев енді.

«Нұрлы болашақ» атты депутаттық топты Ерсұлтан Бектұрғанов басқарса, құрамына Шәкір Хахазов, Сергей Звольский, Меруерт Қазыбекова, Екатерина Никитинскаялар кіріп отыр.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу