Н.Назарбаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтуде

27.04.2016
Н.Назарбаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтуде

«Біздің бас қаламыз Астана көз алдымызда  елімізбен бірге өсіп-өркендеп келе жатыр. Бүгінде бүкіл жаһанға елордамыз белгілі, көптеген беделге ие болды. Халықаралық сарапшылар Астананы болашақтың қаласы деп айтуда. Біз соған жақындап келе жатырмыз. Еңселі елордамызды барша қазақстандықтар сүйеді, мақтаныш етеді. Біздің еліміздің жаңа сатыға көтерілуінің  белгісі болып отыр. Біздің бас қаламыз барлық салада бүкіл еліміздің өңірлеріне үлгі болуы тиіс», - деді кеңесті ашқан Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада бүкіләлемдік халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетіндігін, оған барлық мемлекеттік орталық органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары атсалысып жатқандығын баса айтты. «Бүкіл ел болып халықаралық көрмені күш салып, жоғары деңгейде өткізуіміз қажет», -  деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Астана қаласының дамуы бойынша елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков баяндама жасауда. Ал ЭКСПО көрмесі мәселелеріне орай  «Астана ЭКСПО-2017»  ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов баяндама жасайды.  

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу