Қ.Тоқаев Әзірбайжанның бірінші ханымымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Әзірбайжанның бірінші ханымымен кездесті

28.04.2016
Қ.Тоқаев Әзірбайжанның бірінші ханымымен кездесті

Қазақстан Парламент Сенатының төрағасын Әзірбайжанға келуімен құттықтаған Әзірбайжан елінің бірінші ханымы Баку қаласында өтіп жатқан БҰҰ Өркениеттер альянсының VII Жаһандық форумының маңызын атап өтті. Ол осындай беделді шараның елде өткізілуі Әзербайжанның өркениетаралық диалог саласындағы қызметіне беріліп отырған баға нәтижесі болып табылатынын мәлім етті.

Кездесуде Әзірбайжан мен Қазақстан арасында барлық салалардағы  ынтымақтастығы, соның ішінде парламентаралық байланыстар жоғары деңгейде екені атап өтілді. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу