Енді Венесуэла үкіметі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс аптасын төрт күннен екі күнге дейін қысқарту шешімін қабылдады. Осындай шаралар электр жарығын үнемдеу мақсатында қолданылды, деп хабарлайды AFP.
Бұған дейін ел президенті Николас Мадуро мемлекеттік қызметкерлер үшін төрткүндік жұмыс аптасын жариялаған болатын. Күн сайын шенеуніктер сағат 7:30-дан 13:00-ге дейін еңбек етті. Бұл шаралар 6 маусымға дейін қолданылатыны хабарланды, деп жазады РИА Новости.