«1 мамыр – жалпы қазақстандықтар болып тойлайтын мерейлі күн. Халқымызда «Жеңіс түбі – ерлік, береке түбі – бірлік» деген қанатты сөз бар. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. Ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы тыныштық пен бейбітшіліктің қара шаңырағына айналды. Әрдайым ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін»,-делінген елорда басшысының құтықтауында.