Кеше Алматыда 1 мамыр халықтар бірлігіне арналған мерекелік шараға қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны Римге теңеді.
«25 жыл - тарих үшін қас қағым сəт. Алайда осы уақыт аралығында адам танымастай өстік. Қазақ дүниеге танымал болды. Жаңа ұрпақ өсірдік, жаңа астана салдық. Алматыда көліктің көптігі қиындық тудырады. Бірақ, көп жастар біле бермейді, 15 жыл бұрын бұлай болмаған. Алматы қазір Риммен бірдей. Машинадан жүре алмайсың. Халықтың əл-ауқаты жақсармаса осылай болар ма еді?», - деді Елбасы.
Ресми бөлімнен соң Мемлекет басшысы мəдениет ұжымдарының мерекелік концертін тамашалады.