Есірткімен ұсталған «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Түрксіб аудандық сотында есірткіні қолданғаны және заңсыз тасымалдағаны үшін айыпталған Роман Быковқа қатысты сот үкімі шықты. Үкімге сәйкес Роман Быков енді 2 жарым жылын темір тордың арғы жағында өткізеді және 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Сондай-ақ, оған 2 жылға дейін әуе кемесін басқаруға қатаң тыйым салынды. Айта кетсек, ұшқыш 1 наурызда «Мәскеу-Алматы» бағытындағы рейсті басқару барысында есірткі қолданған күйде Алматы әуежайына келіп қонған. Тексеріс кезінде одан 1,55 грамм марихуана тәркіленді. Ұшқыштың өзі кінәсін мойындамаса да, жүргізілген медициналық сараптама оның қанында есірткі затының барын анықтаған.