Ақтауда сұйытылған газ бағасы қымбаттап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда сұйытылған газ бағасы қымбаттап кетті

01.06.2016
Ақтауда сұйытылған газ бағасы қымбаттап кетті
Жеке кәсіпкерлер қала бойынша көгілдір отынның бір текшеметрін 50 теңгеден саудалап отыр. Мамандар газ бәсінің күрт өсуін өзара келісе отырып жасаған дейді. Сондай-ақ, «Қазмұнайгаздың» бір газ құю бекеті ғана өнімді 37 теңгеден сатуда. Бір айта кетерлігі наурыз айынан бері облыста өнімге тапшылық болып, көлік жүргізушілер ұзын-сонар кезек күтіп келеді. Сондықтан Атырау мұнай өңдеу зауытынан осы айда 140 тонна қосымша газ жеткізілген болатын. Бірақ «Қазмұнайгаздың» өзге бөлімшелерінде газ бағасы 27 теңгеден баяғы қалпында беріліп тұр.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу