Содырлар Нигериядағы Chevron компаниясының мұнай платформасын басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Содырлар Нигериядағы Chevron компаниясының мұнай платформасын басып алды

06.05.2016
Содырлар Нигериядағы Chevron компаниясының мұнай платформасын басып алды

Содырлар Нигерия жағалауларында орналасқан АҚШ-тың Chevron компаниясына тиесілі мұнай платформаларын жаулап алды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға «Эскравос» мұнай терминалынан 70 шақырым қашықтықта болған. Елдің Әскери-теңіз күштерінің өкілі Крис Эзекобе мұнай компаниясы оқиғаға қатысты нақты мәлімдеме жасамағанын айтты.

Айта кетейік, Нигериядағы мұнай өндіру көлемі Африкада бірінші орында тұр.

Хабарламаларға жазылу