Бүгін көне Ақмола шаһарының ресм түрде Астана атанған күні. 1998 жылдың 6 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қаланың атауы өзгерген болатын.
Сол жылдың 10 маусымында алғаш рет Арқа төсіндегі Астананы халықаралық деңгейде әлемге таныстырған, торқалы той ұйымдастырылған еді. Кейін, 2006 жылдан бастап Астана күнін тойлау 6 шілдеге ауыстырылды.
Есіл өзенінің сол жағалауындағы әкімшілік орталықтың кешегісі мен бүгіні.
Конгресс-холл.
Бұл ғимарат Мемлекет басшысының Астанадағы алғашқы резиденциясы қызметін де атқарды. Қазір Астана қаласы әкімдігі осы ғимаратта орналасқан.
Арқа төсіне қоныс аударған Қазақстан Республикасы Парламенті осы ғимаратта бірнеше жыл қызмет жасады.
Бүгінгі «Абай» қонақ үйі қала атауы Ақмола болып тұрған кезде «Турист» деп аталатын еді.
Бұрыңғы «Тың игерушілер» даңғылы қазір «Республика» даңғылы аталады. Сыры да, сипаты да өзгерді.
Қаланың атауы Целиноград кезінде тың игерушілердің құрметіне қойылған К-700 тракторы ескерткішінің орнында қазір Әскери-тарихи музей тұр.
Көз алдымызда жасалып жатқан тарихтың тағы бір көрінісі.
Фотолар dixinews.kz cайтынан және интернет желісінен алынды.