Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7-ші мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында бір топ әскери қызметкер мен құқық қорғау саласының мықтыларын марапаттады.
Елбасы лайықты тұлғалардың иығына шен тақты, атақ берді. Нәтижесінде, биыл елдегі генералдардың қатары 19-ға артты. 25 азамат мемлекеттік наградаға ие болды.