Б.Сағынтаев басшылық ететін жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссия қажетті шараларды қабылдауы тиіс - К.Мәсімов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сағынтаев басшылық ететін жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссия қажетті шараларды қабылдауы тиіс - К.Мәсімов

07.05.2016
Б.Сағынтаев басшылық ететін жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссия қажетті шараларды қабылдауы тиіс - К.Мәсімов

Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 мамырдағы кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚР Үкіметі отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыс барысында К.Мәсімов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев басшылық ететін жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссия қысқа мерзімде тиімді жұмыс жасау үшін қажетті шаралар қабылдауы тиіс деп ескертті.

Сондай-ақ, Премьер-Министр мыналарды тапсырды:

- Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысы жариялаған Жер кодексінің кейбір нормаларына келесі жылға дейінгі мораторийден туындайтын сәйкес шаралар қабылдау.

- Жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді Ұлттық экономика министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру.

- Инвестициялар және даму министрлігінен ақпарат саласындағы сәйкес функцияларды тапсыра отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Министрлігін құру бойынша қажетті рәсімдер жүргізу.

- Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша іс-қимылдың Жол картасын әзірлеу.

- Білім және ғылым министрлігіне орта мектептерде оқу жылын ұзарту мәселелері бойынша және үш тілді білім беруді енгізу мерзімдері туралы қоғамның пікірін зерттеу.

- Премьер-Министрдің Орынбасары Дариға Назарбаеваға өңірлердегі консультациялық орталықтармен бірге Үкімет жанындағы бірыңғай сall-орталық - жүргізілген реформалар туралы түсіндіру үшін «жедел желі» құру.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу