Қанат Исламның жекпе-жегіне 1 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның жекпе-жегіне 1 күн қалды

08.05.2016
Қанат Исламның жекпе-жегіне 1 күн қалды

Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өзінің 21-ші кезедсуін колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхельге қарсы өткізеді. Жекпе-жекті 9 мамыр күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бұған дейінгі өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның ішіндегі 17 кездесуде отандасымыз қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Ал, Хуан Де Анхельге келер болсақ, колумбиялық боксшы 2008 жылдан кәсіпқойлар арасындағы сындарға қатысып келеді. Шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп 18-ін жеңіспен яқтаған. Үшеуінде Де Анхельдің қарсыластары басым түссе, бір кездесу (Хуанның кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі) тең нәтижемен аяқталған.

Жекпе-жек кешін АҚШ-тың «Bounce» телеарнасы көрсетеді. Ал, елімізде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгінде екі боксшы АҚШ-та жаттығады. Сонымен қатар, екеуі де Nelson Lopez Jr промоутерлігінің боксшылары.

Айта кетейік, бұл Қанаттың кәсіпқой бокстағы кең ауқымды, телеарна көрсететін алғашқы кездесуі.

Хабарламаларға жазылу