Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ жасамақ

09.05.2016
Павлодарлық студенттер қымыздан балмұздақ жасамақ

Байқауда  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет студенттерінің «KoumIce» (КумАйс) жобасы үздік деп танылды.Жастар қымыздан балмұздақ жасау технологиясын көрсетті.

Жеңімпаз команда Қазақстанның намысын Торонтода өтетін халықаралық байқауда қорғайтын болды.

«Жастарды қолдау - Қазақстан болашағына құйылған инвестиция деуге болады. Enactus аясындағы институт қалыптасқан кәсіпкерлер мен жас кәсіпкерлердің арасындағы дәнекер болып отыр. Әлемде 60 мыңға жуық студент Enactus бағдарламасының арқасында идеяларын жүзеге асырып келеді», - деді Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, Raimbek компаниясының басшысы Райымбек Баталов.

Павлодарлық команда «Қазақстанды қалай асыраймыз?» арнайы жүлдесін жеңіп алды.

 

Хабарламаларға жазылу