Мектептерде де оқу аптасы қысқартылды - дүйсенбіден бейсенбіге дейін.
Билік мұндай шараға елдегі энергетикалық дағдарысқа байланысты амалсыз барып отыр.
Елдегі ұзаққа созылған құрғақшылық саларынан су электр стансалары толық қуатында жұмыс істемеуде. Мұның салдарынан электр жүйелерін тоқтан ажырату бсталды, өткен жексенбіде электр энергиясын үнемдеу мақсатында уақыт мерзімін алға жарты сағатқа жылжыту шешімі қабылданды.
Қазіргі дағдарыс мұнай бағасының төмендеуіне байланысты экономикалық өсімнің азайған шағына тұспа-тұс келіп отыр. Оппозиция билікті елді дұрыс басқара алмай отыр деп айыптауда.