Джастин Бибер енді жанкүйерлермен фотоға түспейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джастин Бибер енді жанкүйерлермен фотоға түспейтін болды

12.05.2016
Джастин Бибер енді жанкүйерлермен фотоға түспейтін болды

Әнші фотоға бірге түсу өтініштері түскенде өзін «зообақтағы аң» сияқты сезінетінін айтқан. 

Бибер адамдардың бас-көз жоқ қаумалап, өзін адам ретінде көрмейтінін мәлімдеді.   «Жанкүйерлерімнің ренжитінін түсінемін, бірақ ешкімге фото қарыз емеспін», - деп атап өтті әнші.

Бибер сатып алушылар олармен бірге түскен фото үшін емес,  альбом үшін ақша төлейтінін атап өтті.

Кей жанкүйерлердің сынына жауап ретінде оған адамдарды бақытты ету мүмкіндігі ұнайтынын мәлімдеді. «Шынымен менің орнымда болсаңдар, қаншалықты шаршататынын түсінер едіңдер», - деп қосты ол.

Бұдан бұрын америкалық сынған телефоны үшін 100 мың доллар талап етіп, Джастин Биберді  сотқа бергені хабарланған.

 

Хабарламаларға жазылу