Е.Қанағатов: Қазақстанның көрнекті спортшыларының 90 пайызы ауылдан шыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қанағатов: Қазақстанның көрнекті спортшыларының 90 пайызы ауылдан шыққан

12.05.2016
Е.Қанағатов: Қазақстанның көрнекті спортшыларының 90 пайызы ауылдан шыққан

Қазақстанның көрнекті спортшыларының 80-90 пайызы ауылдан шыққан. Бұл туралы бүгін Орталық Азияның Еуразия қоры мен Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және «Болашақ» қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«3.2.1 – Start!» жобасы аясында жасалған меморандум ауыл мектептерінде дене шынықтыру және спорт жағдайын жүйелі жақсартуға бағытталып отыр.

«Қазақстанның көрнекті спортшыларының 80-90%-ы ауылдан шыққан. Сондықтан біз ауыл спортына үлкен мән беру керекпіз және аталмыш шара осыған септігін тигізеді. Біз Еуразия қоры мен Coca-Cola компаниясының демеушілігіне алғыс білдіреміз. Бізбен осы бағытта әріптестік жүргізетін осындай ұйымдардың көп болғанын қалар едік», - деп атап өтті Е.Қанағатов.

2015 жылдан бастап «3.2.1 – Start!» пилоттық жоба Ақмола облысының Аршалы ауданында жүзеге асырылып келеді. Осылайша, 18 мектеп жаңа спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Барлығы 49 түрлі спорттық жабдық және 1700 дана құрал сатып алынды. Кейбір спорттық залдар жөндеуден өткізілді. Ижев мектебінде қыздарға би, гимнастика, йога үшін хореографиялық залдар салынды. Николаевка ауылында ашық хоккей алаңы салынды. 33 ұстаз оқытудың жаңа әдістеріне және фитнес түрлеріне қайта үйретілді.

«Біз Аршалы ауданымен жұмысты жалғастыра беретін боламыз. Мұғалімдердің білім деңгейін көтергіміз келеді. Олар спорттық жарыстарда белгілі бір нәтижелер көрсете бастаған кезде басқа аудандарға осы әдістемені енгізуге көшеміз», - дейді Coca-Cola Almaty Bottlers компаниясының PR менеджері Әлима Исембаева.

Хабарламаларға жазылу