Келешек энергиясы: жаһандық трендтер және технологиялар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келешек энергиясы: жаһандық трендтер және технологиялар

13.05.2016
Келешек энергиясы: жаһандық трендтер және технологиялар

Келешек әлемдік энергия тақырыбы – бүгінгі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі XXI ғасыр басында адамзат климат өзгеруі мен бүкіл әлемде экологиялық жағдайдың нашарлауынан болған қиыншылықты сезініп отыр. Әлемдік жетекші сарапшылар азаматтық құрылым, машина жасау, шикізат индустриясы мен индустриалдық-инновациялық дамудың басқа салаларында алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жолымен экология және энергия тұтыну проблемаларын шешуге өз көзқарастарын білдіреді. Сессияның түйінді тақырыптары әлемдік энергожүйеде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту, сондай-ақ өзгермелі климат жағдайында экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету болады. Қазба көмірсутектерін пайдалану атмосфераға көмірқышқыл газдары лақтырындыларының үлкен үлесін қамтамасыз етеді. Ғылыми қоғам атмосфераға көміртегінің қос тотығы лақтырындыларын бір уақытта төмендетумен экономиканың артуын қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын нақты адымдарды ашады.

Сессия спикерлері:

•        Нұртай Абыкаев мырза, WSEC-2017 Халықаралық бағдарламалық комитет төрағасы, Қазақстан ұлттық жаратылығыстану ғылымдары академиясының президенті;

•        Ахметжан Есімов мырза, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы;

•        Қанат Бозымбаев мырза, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі;

•        Рапиль Жошыбаев мырза, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме комиссары;

•        Джордж А. Крол мырза, Қазақстандағы АҚШ елшісі;

•        Альфред Гузенбауэр мырза, 2007-2008 жж. Австрияның Федералдық канцлері;

•        Грациелла Чичилински ханым, Климаттың өзгеруі саласында сарапшы, «Stanford Global Thermostat» (АҚШ) компаниясы;

•        Тони Вуд мырза, Грэттен институтының энергетика жөніндегі бағдарлама директоры, бизнесмен, Австралия;

•        Алмасадам Саткалиев мырза, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы;

•        Эдуард Сон мырза, ЕҒА Біріктірілген жоғары температуралар институты директорының орынбасары (РФ);

•        Том Грейтрекс мырза, Ұлыбритания атом өнеркәсібі қауымдастығының атқарушы директоры;

Хабарламаларға жазылу