Талдықорғанда 120 отбасы пәтерлі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 120 отбасы пәтерлі болды

13.05.2016
Талдықорғанда 120 отбасы пәтерлі болды

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Бүгін біз кезектегі азаматтарға мемлекет қолдауының нәтижесінде жаңа оңтүстік-батыс ауданнан 120 пәтердің кілтін беріп отырмыз.

Мұнда инфрақұрылым жасалып, алдағы уақытта балабақша, мектеп, Салтанат сарайы, Көрме павильоны, Драма театры ғимараты сияқты көптеген әлеуметтік маңызы зор нысандар осы маңда салынып, жаңа аудан көркейе түсетін болады», - дей келе облыс әкімі А. Баталов қоныстой иелерін қуаныштарымен құттықтап, олардың отбасыларына амандық тіледі.

«Бүгінгі қуанышты жағдайды пайдалана отырып, жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына зор ризашылығымды жеткізгім келеді. Енді менің өз үйім бар, бұл маған ертеңгі күнге деген сенімділік сыйлайды», - деді жаңа қоныс иесі Дария Абдрахманова.

Сондай-ақ, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ана Күлән Жинақова да елімізде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында баспаналы болғанын, бұл ең бірінші балалары үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Жалпы, бұл 60 пәтерлі екі үйдің құрылысы 2014 жылы басталған болатын. «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысына 765 577,94 мың теңге бөлінген. 120 пәтердің 56-сы бір бөлмелі, 64-і – екі бөлмелі. Оған қоса жыл басынан бері Талдықорғанда 5 көппәтерлі тұрғын үй берілген болатын. Жылдың соңына дейін тағы 3 көп қабатты үйді пайдалануға беру жоспарланған. 

Хабарламаларға жазылу