Музыканттар төрт күн ішінде Самарқанд, Науаи, Гагарин, Шыршық қалаларында, Әйтеке бидің отанында болады.
Гастрольдің ресми ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев: «Қызылорда облысы немесе «Сыр елі - жыр елі» аңызға айналған қобызшы Қорқыт атаның туған жері екенін мақтан етеді. Сондай-ақ бұл өлке көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің, атақты әнші Роза Бағланованың, белгілі драма актрисасы Сәбира Майқанованың, көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейсовтің, шетелдерде Қазақстанның даңқын асырған спортшы Илья Ильиннің туған жері», - деп атап өтті.
«Қазақстандық әртістер жоғары кәсібилігімен, музыкалық талантымен, өзбек көрермендерінің ризашылығына бөленері сөзсіз», - деп атап көрсетті Е.Өтембаев.