Қ.Бишімбаев шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі себептерді атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаев шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі себептерді атады

14.06.2016
Қ.Бишімбаев шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі себептерді атады

Ағымдағы жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,3 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2016 жылы 1,3 пайызға дейін өсті. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 146 576 адамды құрады. Бұл 2014 жылдан 2,8 пайызға пайызға артық. Шағын және орта бизнес субъектілері 15 858,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірді», - деді Қ.Бишімбаев.

Оның атап өтуінше, шағын және орта бизнес көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан екінші деңгейдегі банктер тарабынан экономиканы несиелеу қысқарған. Сыртқы конъюнктураның нашарлауы себебінен ел экономикасындағы кәсіпкерлік сегменті үлесінің төмендеуі байқалады.

Мұның  себебі мен шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі мәселелер мыналар: қаржыландырудың жеткіліксіздігі, ірі қалалардан тыс жерлерде өтімді кепілдік мүлкінің жоқтығы, екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнеске несие беру кезіндегі кедергілері, өткізу нарықтарына қол жеткізу жағдайларының болмауы», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу