19-20 мамыр күндері Түркістан қаласында, Ахмет Ясауи университеті Ғылыми кітапханасы базасында «Кітапхана жоғары оқу орнының ақпарат-білім беру ортасында: дәстүрлер және инновациялар» атты республикалық семинар өтті.
Семинарға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы өкілдері, университеттің жетекші менеджмент және маркетинг оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, IT-мамандар, ұлттық жоғары оқу орындары мен республиканың мемлекеттік ЖОО ғылыми кітапханаларының басшылары мен мамандары арнайы келді.
Семинар жұмыстары «Жоғары оқу орындары кітапханасының әлеуметтік-мәдени қызметі», «Қазіргі заманғы жоғары оқу орындары кітапханасының қызметкерлер құрамын басқару - іскерлік қатынас жөнінде тренинг», «Заманауи ақпарат технологиялары және жоғары оқу орындары кітапханасын ресурспен қамсыздандыру» секциялары бойынша жалғасты. Қонақтар дәстүрлі және электрондық тасымалдау түріндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік басылымдары көрмесін де аралап, оң бағасын берді, деп хабарлайды аталған ЖОО-ның ақпарат орталығынан.