Қоғам қайраткері, саясаттанушы, сондай-ақ Жер реформасы бойынша комиссия мүшесі Дос Көшім Жер реформасы бойынша республикалық комиссия шешімдерінің орындалуын қадағалау жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік ететін болды.
Атап айтқан комиссияның екінші отырысында Дос Көшімнің кандидатурасына қатысушылар қолдау білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, комиссияның бірінші отырысында құқықтық, экономикалық, шешімдерді түсіндіру және қадағалау бағыттарында төрт жұмыс тобын құру шешімі келісілген еді. Бүгін аталған барлық топтардың жетекшілері бекітілді.