Н.Назарбаев Сенегал Президентін 6-шы діндер съезіне шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев Сенегал Президентін 6-шы діндер съезіне шақырды

21.05.2016
Н.Назарбаев Сенегал Президентін 6-шы діндер съезіне шақырды

Ислам мемлекеттерін татуластыру мәселесі зор мәнге ие. Бұл туралы бүгін Ақордада Сенегал Президенті Маки Саллмен кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Келіссөздер барысында біз мұсылман елдері бірлігі және діннің, оның ішінде Ислам дінінің лаңкестікке қарсы екендігін бүкіл әлемге дәлелдеу жұмыстары мәселесін қозғадық. Ислам мемлекеттерін татуластыру мәселесі зор мәнге ие», - деді Н.Назарбаев.

Тараптар елордада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер және қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сенегал арасындағы қарым-қатынастардың негізін қалап, сауда-экономикалық  және инвестициялық ынтымақтастықтың дамуына серпін беретінен келісті.

«2018 жылы бізде 6-шы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі өтеді. Мен Сенегал Президентін қатысуға шақырдым», - деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу