Жекеге берілетін жер көлемі шектеулі болуы тиіс - сенатор С.Елеусінов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекеге берілетін жер көлемі шектеулі болуы тиіс - сенатор С.Елеусінов

21.05.2016
Жекеге берілетін жер көлемі шектеулі болуы тиіс - сенатор С.Елеусінов

Жекеге берілетін жер көлемі шектеулі болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында сенатор Сағындық Елеусінов мәлім етті.

«Жер Қазақстан азаматтарына жекеменшікке берілуімен қатар, жалға алуда да оның тәртібі сақталуы тиіс. Жерді жалға ала алмаған адамдар да бар. Жекеге берілетін жер шектеулі болуы тиіс. Бір адамға ма, әлде алатын өніміне байланысты ма шектеу болғаны жөн. Бірақ бұл әділетті түрде шешілуі тиіс», - деді сенатор. 
Сонымен қатар, ол жермен жұмыс істеуді жандандыру үшін мемлекет тарабынан көптеген қолдау болуы тиістігін атап өтті. 
«Ең негізгісі, елді мекендерді газбен, ауыз сумен қамтамасыз ету қажет. Әлі күнге дейін ауылдардың 50 пайызы жүйелі түрде таза ауыз сумен қатмамасыз етілмеген. Одан кейін жол мәселесі. Әрине, мынадай үлкен территорияға бірден жол төсеп шығу мүмкін емес. Бірақ, көптеген аудандарды облыс орталығына дейін тас жолдар жоқ. Егер жол салынатын болса, онда жермен жұмыс істеу әлде қайда жеңіл болар еді деп есептеймін», - деді С.Елеусінов.

Хабарламаларға жазылу