Мульфильм кейіпкері Скрудж Макдакты «сөйлеткен» актер қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мульфильм кейіпкері Скрудж Макдакты «сөйлеткен» актер қайтыс болды

21.05.2016
Мульфильм кейіпкері Скрудж Макдакты «сөйлеткен» актер қайтыс болды

АҚШ-та 96 жасында актер Алан Янг қайтыс болды. Hollywood Reporter газетінің хабарлауынша, Янг 19 мамырда Беверли Хиллздегі өз үйінде дүниеден озған.

Атақты анимациялық кейіпкер Скрудж Макдактың дауысы осы актердікі болған.  Янг 1944 жылы NBC радосындағы авторлық ток-шоуы арқылы көпшілікке танылды. Ол кейін 1950 жылы CBS телеарнасына ауысты.

1974 жылдан бастап Янг Скрудж Макдакты дыбыстай бастады. Сонымен қатар ол Голливудтың танымал кинолары - «Адам өрмекші», сондай-ақ «Халк», «Смурфик» және «Бэтмендегі» кейіпкерлерді дыбыстаған.

Хабарламаларға жазылу