Канаданың Ұлттық құрамасы Мәскеу мен Санкт-Петербургта өткен хоккейден 2016 жылғы Әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ресейлік Интерфакс агенттігі.
Ресей астанасында өткен финалда канадалықтар финдарды 2:0 есебімен ұтты.
«Эдмонтонның» шабуылдаушысы Коннора Макдэвиданың есебінде бірінші шайба ойынның 12-ші минутында соғылды. Екінші гол кездесудің соңғы секундтарында бос қақпаға соғылды. Оның авторы - «Колорадоның» форварды Мэттью Дюшен.