Қазақстанда педофилдер туралы мәліметтердің элпектрондық картасы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында жарияланды.
«Соңғы жылдары жыныстық зорлық-зомбылық мәселесі күрт ушығып кетті. Әсіресе осындай зорлық-зомбылықтың балаларға қатысты орын алу фактілері қорқыныш туғызады. Бұлардың себептері мен шарттары адамгершілік және құқықтық сипаттағы проблемалармен қатар туындайды. Осыған байланысты, мемлекет қылмыстың осы түрін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдады. Шетелдік тәжірибе де пайдаланылуда. Олардың ішінде, мысалы, педофилдер үшін шектеу шаралары, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қосымша түрі ретінде химиялық жолмен сылып алуды қолдану енгізілді», - делінген Комитеттің хабарламасында.
Атап өтілгендей, ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді.
«Бұл мәліметтер Комитеттің http://infopublic.pravstat.kz порталында қылмыскерлер туралы деректер (фото, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекен-жайы және соттылығы туралы мәліметтер) көрсетілетін электрондық карта түріндегі «Геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді. Осы ақпарат сізге өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі.
Осыған ұқсас карталар бірқатар шетелдерде де бар», - деп атап өтілген ҚР БП Кқұқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.