Қазақстанда бірінші бизнес-арна хабар тарата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бірінші бизнес-арна хабар тарата бастады

23.05.2016
Қазақстанда бірінші бизнес-арна хабар тарата бастады

Бүгін Қазақстанда бизнес жаңалықтарын тарататын бірінші қазақстандық мультимедиялық арна - Atameken businesschannel өз жұмысын бастады, деп хабарлады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Аталып өтілгендей, www.abctv.kz теледидары - LiveStream режимінде жұмыс істейтін ғаламтордағы бірінші телеарна. Ол Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және дүние жүзіндегі жаңалықтарды қамтиды.   Сараптамалық бағдарламалар, даму болжамдары мен нарықтағы өзгеріс, мамандардың пікірлері мен сарапшылардың бағамы және басқалар.

Телеарна Қазақстанның екі қаласынан: Астанадан және Алматыдан бірдей хабар  тарататын болады.  Ертең Астанада болатын ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі отырысының жұмысы ABCTV арнасында тестілік режимде жан-жақты көрсетіледі. 

Қаржы, экономикалық, саяси жаңалықтар тарататын жаңа www.abctv.kz порталы іске қосылды. Онда сараптамалар, рейтингтер, тұжырымдар, болжамдар, валюта бағамдары, құнды  қағаздар, қымбат металдар нарығы, шикізат және шикізат емес ресурстар, банк, биржа және компаниялардың жаңалықтары қамтылады.

Хабарламаларға жазылу