«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІІ Съезі аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов екінші деңгейдегі банктер басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында қаржы ұйымдарының өкілдері ел экономикасындағы жағда йға қатысты өз пікірлерімен бөлісті және бірлесіп шешуді талап ететін проблемалы мәселелерді белгіледі.
Сондай-ақ тараптар қаржы тұрақтылығын қолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылап, экономика және банк секторының ағымдағы жағдайы туралы пікір алмасты.