Қабдеш Жұмаділов: 80 жылда талай бұралаң жолдан өттім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабдеш Жұмаділов: 80 жылда талай бұралаң жолдан өттім (ВИДЕО)

26.05.2016
Қабдеш Жұмаділов: 80 жылда талай бұралаң жолдан өттім (ВИДЕО)

Қазақ прозасына «Қаздар қайтып барады» атты әңгімелер жинағымен келген Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов - 80 жаста. Алматыда көрнекті қаламгердің мерейтойына арналған бірқатар шаралар өтіп жатыр.

Ол 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.  Болашақ жазушы 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқиды. Алайда, екінші курстан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1962 жылы шекара бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге оралады.

«Менің өмір жолым даңғыл болған жоқ. 80 жылда талай бұралаң жолдан өттім», дейді жазушының өзі.

1967 жылы қаламгердің  «Жас дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Осыдан кейін бірыңғай проза жазуға ойысады. Оның қаламынан жалпы саны 10 роман,  21 повесть, 70-тен астам әңгіме туды.

 «Оның «Соңғы көш» романы ақ өлеңмен жазылған. Тілге келгенде қаталдығы сондай, бір сөзді артық ауыс қолданбайды. Тіл үйренемін деген жастар Қабдеш шығармашылығымен толық танысып шығуы керек», дейді  қаламгер туралы ақын Жәркен Бөдешұлы.

Тарихи тақырыпта қалам тербеген жазушының шығармашылығы мен өмір жолы туралы толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу