Ауа райы: 26 мамыр еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: 26 мамыр еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты

26.05.2016
Ауа райы: 26 мамыр еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі. Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, найзағай болады.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Хабарламаларға жазылу