Алматыда бағдарға кондиционермен жабдықталған автобустар шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бағдарға кондиционермен жабдықталған автобустар шығарылады

26.05.2016
Алматыда бағдарға кондиционермен жабдықталған автобустар шығарылады

Алматыда кондиционері бар автобустар жүретін болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Periscope желісіндегі аккаунтында онлайн трансляция кезінде мәлім болды.

«Дэу» маркілі жаңа автобустар №2 автопаркке беріледі. Көліктер Семей қаласындағы машина жасау зауытында жиналған.

«Қазіргі таңда газбен жүретін 10 автобус жеткізілді. 25-і шілдеде қалаға жетеді. Кейінірек қабылдау-тапсыру актілері жасалып, мемлекеттік нөмір беріледі. Аталған автобустарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалған. «Оңай» жүйесі енгізіледі», - делінген бейнетрансляцияда.

20 маусым-1 шілдеде ішкі маршруттар 35 автобуспен толықтырылады.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу